• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

2019 жылдың 7-8 қазанында Испанияның Мадрид қаласында ‘Сападан автоматты тануға және ұтқырлыққа’ атты DEQAR конференциясы / EQAR мүшелерінің диалогы өтті

Карл ІІІ атындағы Мадрид университеті мен Crue Universidades Españolas іргесінде ұйымдастырылған іс-шараға ENIC/NARIC, жоғары білім беру министрліктері, сапаны қамтамасыз ету агенттіктері, ENQA, ESU, EUA, EURASHE және т.б. ұйым өкілдері қатысты.

Конференцияда DEQAR деректер базасы көрсетілді. EQAR-да тіркелген аккредиттеу агенттіктері сыртқы тексеріс нәтижесі бойынша есептері мен шешімдерін осы базада жариялайды. Қазіргі кезде базада сыртқы тексерістің (аккредиттеу/бағалау) 40 000 астам есептері орналастырылған. EQAR-да екі қазақстандық агенттік IAAR және IQAA тіркелген.

DEQAR:

  • сапаны сыртқы қамтамасыз етудің ашықтығына себептес болады;
  • аккредиттелген жоғары оқу орындары/білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты ұсынады, бұл біліктілікті тануға болысады;
  • бірлесіп мамандарды даярлау туралы меморандум/шарт жасау мақсатында сенімді шетелдік әріптес ЖОО таңдауға көмектеседі;
  • барлық мүдделі тараптарға (мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, зерттеушілер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.) расталған ақпаратты ұсынады.

Келесі сілтеме бойынша конференция материалдарымен танысуға болады>>

https://www.eqar.eu/kb/presentations/

DEQAR деректер базасына сілтеме>>

https://www.eqar.eu/qa-results/search/by-institution/