• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Қоғамдық өмір

Бірге – таза Қазақстан

Біздің өміріміздегі жасыл желектердің рөлін бағалау мүмкін емес. Олар адам өміріне әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. «Бірге - таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында 2021 жылы 1 мамырда Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы жалпықалалық сенбілікке қатысты, сенбіліктің форматы - ағаш отырғызу. Бұл ағаш отырғызу науқаны көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғаудың тағы бір жарқын мысалы болды.

   

Орталық қызметкерлері Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына қаржылай көмек көрсетті.

Орталық ұжымы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады, сондай-ақ қаланың тез қалпына келуін тілейді.

Ұжымды Отан қорғаушылар күнімен құттықтау!

Біз әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз!
Күш, қайрат пен батылдық жолында Сіздерге ешкім тең келе алмас!. Сіздерге арқашан тек жақсы көңіл-күй тілейміз!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық және кәсіби жетістіктер, амандық, бақыт тілейміз!

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу!

30 сәуірде Орталық ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына барды.
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтардың бірігуінде, еліміздің әрбір отбасына бейбітшілік, жақсылық пен амандық орнатуда басты рөл атқарды.

  

Біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз!

Біз аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық науқанына қатыстық. Орталық қызметкерлері балалардың заттарын, кітаптарын, кеңсе тауарлары мен ойыншықтарын жинады.

Біз ұжымбыз!

2018 жылғы 17 Ақпан біздің ұжым «Балқарағай» демалыс аймағында өткізді.
Мақсаты: командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру және дамыту, әріптестерді жан-жақты тану, кәсіптік және достық байланысты, сындарлы әрекеттерді нығайту.