• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Шығыс Қазақстан облысында «Мамандығым-Болашағым» жобасы басталды

2024 жылғы 1 сәуірде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Мамандығым-болашағым» аймақтық жобалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жобалық кеңсені таныстырып, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін кадр қажеттілігіне дәлірек бағыттау үшін жұмыс берушілермен диалогта кадрлар қажеттілігін болжау маңыздылығын атап өтті.

«Мамандығым-Болашағым» жобасы өңірдегі еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау және студенттерге ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.

Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов, ШҚО білім басқармасының Техникалық және кәсіби білім бөлімінің басшысы Гүлмира Ысқақова, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым-Болашағым» жобалық тобының жетекшісі Олжас Сәкенов, Сәрсена Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры  Төлеген Мұхтар, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері және ЖОО оқытушылары қатысты.

«Мамандығым-Болашақ» жобасы аясында университет қызметкерлері форсайтты зерттеу әдістемесі бойынша 5 күндік қарқынды сертификаттау курсынан өтеді және аймақтық жобалық кеңсенің командасына қосылады. Олар алдағы уақытта өңірдегі негізгі сала мамандарының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысындағы кадр қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған форсайттық зерттеу жүргізбек.

Қазір еліміздің 15 өңірінде «Мамандығым-Болашағым» жобасы жүзеге асырылуда. Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды ​​облыстарында, Алматы және Астана қалаларында кадрларға қойылатын талаптардың өңірлік карталарын әзірлеу аяқталып, осы өңірлердің басым секторларының арасында келешегі бар кәсіптер анықталды. Сондай-ақ студенттердің кәсіби диагностикасы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша студенттер өздерінің бейіні мен кәсіптік қызмет мүмкіндіктерін анықтады.