Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы Афина қаласында өткен ENIC-NARIC желілерінің жыл сайынғы кездесуіне қатыстыЖаңалықтар - - Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
  • Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы Афина қаласында өткен ENIC-NARIC желілерінің жыл сайынғы кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының өкілдері 2026 жылғы 24–26 мамыр аралығында Афина қаласында (Грек Республикасы) өткен ENIC-NARIC желілерінің 33-ші жыл сайынғы бірлескен отырысына қатысты.

Іс-шараға Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Ержан Тұрсынханұлы Иргебаев және Академиялық тану офисінің басшысы Роза Ержеттбайқызы Байтугелова қатысты.

Пленарлық отырыстар мен тақырыптық сессиялар барысында шетелдік біліктіліктерді танудың заманауи тәсілдері, тану рәсімдерін цифрландыру, трансшекаралық сенімді дамыту, сондай-ақ білім туралы құжаттарды верификациялау саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.

Халықаралық тәжірибе алмасуға, тану рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және білім туралы құжаттарды тексеру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысу өзекті халықаралық тәжірибелермен танысуға және академиялық тану саласындағы шетелдік орталықтармен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

#ЖБДҰО #HigherEducation #ENICNARIC #AcademicRecognition #InternationalCooperation #Қазақстан