Іс-шара

Панельдік сессия «Жасанды интеллект және студенттердің үміттері: университет бағдарламаларының архитектурасын қайта қарастыру»

Семинар материалдары:

Бағдарлама

Экран сақтағыш

Бішкекте Орталық Азия университеттерінің III ректорлар форумы өтті

2024 жылғы 20 қарашада Бішкекте «Орталық Азия университеттерінің жаһандық сын-қатерлер контекстінде трансформациясы» тақырыбында Орталық Азия университеттерінің III ректорлар форумы өтті. Іс-шараға Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан мемлекеттік қызметкерлер, ректорлар, ғалымдар, оқытушылар мен сарапшылар қатысты. Форум аймақтағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалық бағыттарын талқылаудың негізгі алаңына айналды. Форум жұмысына Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директорының міндетін атқарушы Мадибеков Әлібек Серғазыұлы қатысты.

Форумның маңызды нәтижелерінің бірі Орталық Азия елдері университеттері арасында академиялық мобильділікті дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және инновациялық білім беру технологияларын енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылуы болды. Іс-шара қорытындысы бойынша жоғары білімді трансформациялаудың стратегиялық басымдықтарын айқындайтын Бішкек декларациясы қабылданды. Негізгі бағыттардың қатарында – білім беру, ғылым мен бизнестің интеграциясы, экологиялық білім беруді дамыту, сапа стандарттарын жетілдіру және цифрлық технологияларды енгізу бар.

Форум аясында Жусуп Баласагин атындағы Қырғыз ұлттық университетінің басшылығы мен қазақстандық университеттер өкілдері делегациясының ресми кездесуі өтті. Қатысушылар екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде бірлескен білім беру бағдарламаларын, академиялық мобильділікті, ғылыми жобаларды іске асыруды және озық білім беру технологияларымен алмасуды талқылады. «Университет 4.0» моделін – ғылым, білім беру және бизнесті біріктіретін концепцияны енгізуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу, ғылыми іс-шараларды өткізу және жоспарланған жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтарын құру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Бұл қадамдар форум жұмысының маңызды жалғасы болып, Орталық Азия жоғары білім беру саласындағы әріптестіктің жаңа көкжиектерін ашты.