Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге оқуға тапсыратын үміткерлер іріктелуінің екінші конкурсының өткізілуі жарияланды (ЖОО-на xат № 14/4-502, 18.04.2019).
Үміткерлердің құжаттары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында 2019 жыл 13-ші мамырға дейін Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 28, 4 , 404-ші кабинетінде қабылданады.
Құжаттардың тізімі:
1. Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
2. ағымдағы үлгерім транскрипті;
3. шет тілінің деңгейін меңгеруді растайтын құжат:
- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (егер бар болса);
- шетел университетінің шет тілін білу деңгейі бар студентті оқуға қабылдауы жайлы келісім-хаты;
- қазақстандық университетті тестілеудің нәтижесі (B2 деңгейінен төмен емес);
4. Қазақстан Республикасы территориясынан тыс шыққан уақытта он сегiз жасқа толмаған жағдайда ата-аналарының, қамқоршыларының, шетелге кету туралы өтiнiш берушiнiң заңды өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмi;
5. отбасының құрамы туралы құжат, студенттің үлкен отбасын растау;
6. оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына кіретін студенттер үшін) (егер бар болса).
Барлық сұрақтар бойынша тел.8(7172)28 75 26 телефонына хабарласыңыз.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы
Халықаралық әрекеттестік басқармасы.